24 қазан 2021 11:22

Өзбекстанда президент сайлауы басталды

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Өзбекстанда президент сайлауы басталды. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді , - деп хабарлайды РИА Новости.


Өзбекстанда президент сайлауы басталды. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді , - деп хабарлайды РИА Новости.

Елдегі бес ресми саяси партия кандидаттарын тіркеді. Сарапшылардың пікірінше, сайлауда жеңіске жететін басты кандидат - 64 жастағы Шавкат Мирзиеев.  

Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 19,86 миллион сайлаушы бар, 14 сайлау комиссиясы құрылып, 10 760 сайлау учаскесі дайындалған. Сайлау күні түрлі себеп бойынша таңдауын жасай алмайтын 420 мың адам 14-20 қазан аралығында алдын ала сайлауға қатысқан. Кандидат жеңіске жетуі үшін кемінде 50 пайыз дауыс жинауы керек. 

Сайлауды 64,5 мың адам бақылайды, оның ішінде 50 елден келген 970 халықаралық бақылаушы бар.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети