08 қаңтар 2020 09:17

"Өзімізді кез келген агрессия алдында қорғаймыз". Иран мәлімдеме жасады

© РИА Новости © РИА Новости

Иран соғысуға мүдделі емес екенін, ал АҚШ базаларына зымыран соққысын өзін өзі қорғау мақсатында жасағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости


Иран соғысуға мүдделі емес екенін, ал АҚШ базаларына зымыран соққысын өзін өзі қорғау мақсатында жасағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф хабарлады. 

"Иран БҰҰ-ның 51-жарғысына байланысты өзін-өзі қорғау мақсатында біздің азаматтарымыз бен жоғары лауазымды адамдарға қарсы қарулы шабуыл жасалғандықтан базаға соққы жасады. Біз соғыс ашуға мүдделі емеспіз, алайда өзімізді кез келген агрессия алдында қорғаймыз", - деді Зариф Twitter желісіндегі парақшасында. 

Иран АҚШ-тың әскери базасына соққы жасады

Иран АҚШ базасына барлығы 15 баллистика зымыранымен соққы жасаған. Оның ішінде 11 зымыраны аймаққа тиген. АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығының мәліметінше, 10 зымыран Анбар провинциясындағы Эйн-аль-Асад базасына, біреуі Эрбилдегі базаға түскен. 

АҚШ-тың әскери базаларына соққының екінші толқыны жасалғаны хабарланды

Еске салайық, 2 қаңтарда АҚШ Бағдат әуежайы аймағына зымыранмен соққы жасаған, салдарынан он адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде Иран генералы Касем Сулемани, Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандис және Ислам революциясы күзеті корпусының төрт офицері болған. 

Иран генералдың өлімі үшін АҚШ-та кек алуға уәде берген. Ал Пентагон шабуылды АҚШ президенті Дональд Трамптың санкциялағанын айтты. Вашингтон қаза тапқан генералдың Бағдаттағы америкалық елшілікке жасалған шабуылға қатысы бар деп санайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети