03 тамыз 2022 09:01

Пелосидің Тайваньға сапары: рейсті бүкіл әлемнен 2,92 миллион адам бақылаған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter/Flightradar24 Фото: twitter/Flightradar24

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға ұшқан ұшағын әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 2,92 миллион адам тамашалады. Бұл туралы Flightradar24 - әуекемелерінің жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін сервис хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мінген SPAR19 рейсі Куала-Лумпурдан ұшып шыққаннан бастап Flightradar24-те белсенді рейстер ішінде ең көп қадағаланған рейс болды.

Тайбэйге қонған кезде SPAR19-ды бүкіл әлем бойынша 708 000-нан аса адам бақылап отырған, бұл Flightradar24 тарихындағы ең көп бақыланған тікелей рейс болды. Куала-Лумпурдан Тайбэйге дейінгі жеті сағат ішінде рейсті 2,92 миллион адам бақылаған.

Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети