1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Петр Порошенко тергеу қарсаңында Украинадан қашып кетті

Петр Порошенко. Фото ©REUTERS Петр Порошенко. Фото ©REUTERS

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко Украинадан кетіп қалды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Порошенконың адвокаттары олардың қорғалушысы Украинадан кетіп қалғандықтан тергеу Мембюросына келе алмайтынын жеткізген. Адвокаттар Порошенконың қай елге кетіп қалғаны туралы ақпарат айтпаған. 

Жақында Украина Мембюросының баспасөз қызметі Порошенко 13 наурызға тергеуге шақырылғанын хабарлаған. Қандай мәселе бойынша шақырылғаны туралы айтылмаған. БАҚ мәліметінше, Порошенко тергеу барысында қамауға алынуы мүмкін деген ақпарат тараған. 

Бұған дейін "Слуга народа" фракциясының депутаты Александр Дубинский Порошенко қатысты 2018 жылы жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Порошенко 6 наурызда Мембюроға тергеуге келіп, департаменттің бұл істі жабуды міндеттейтін сот шешімі барын айтқан. Украинаның тергеу Мембюросы ондай ескерту алмағанын жеткізген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


 "Абайға бет бұру..."