"Путин сарайының" қожайыны делінген миллиардер пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Александр Пономаренко. © РИА Новости Александр Пономаренко. © РИА Новости

Алексей Навальный Геленджик маңындағы "Путин сарайының" ресми иесі деп ресейлік миллиардер, Шереметьево әуежайы иелерінің бірі Александр Пономаренконы атаған еді, кәсіпкердің көп уақыттан бері бұл нысанға қатысы жоқ. Бұл туралы Forbes порталына Шереметьевоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алексей Навальный Геленджик маңындағы "Путин сарайының" ресми иесі деп ресейлік миллиардер, Шереметьево әуежайы иелерінің бірі Александр Пономаренконы атаған еді, кәсіпкердің көп уақыттан бері бұл нысанға қатысы жоқ. Бұл туралы Forbes порталына Шереметьевоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметіндегілер кәсіпкердің жобадан 2016 жылдың наурызында кеткенін және оның мәртебесі туралы деректер жоғын атап өтті. Әуежай өкілдері Пономаренко үш компанияны - "Лазурная Ягода", "Идокопас" және "Южный цитадельді" сатқанын айтты. Бірақ қаншаға сатқанын айтудан бас тартты.

2011 жылы наурызда Пономаренко "Коммерсантқа" Геленджик маңынан "Путин сарайы" деп танылған қонақүй кешенін сатып алғанын айтқан. Кәсіпкер келісім сомасын жариялаудан бас тартқан, бірақ шамамен 350 миллион доллар туралы ақпарат "шындыққа жақын" екенін мәлімдеген болатын.

"Сарайға" қатысты тергеуде Навальный сатып алушы компанияның есебіне сілтеме жасай отырып, Пономаренко сарайды 350 миллионға емес, 350 мың долларға сатып алғанын айтты. Саясаткердің сөзінше, бұл келісім заңсыз болғанын көрсетеді.

Навальныйдың айтуынша, ресми нұсқа бойынша Пономаренко "сарайдың" иесі болып қала береді. Нысан қазір ресейлік "Бином" фирмасына рәсімделген. Нарықтар мен компанияларды кәсіби талдау жүйесі нысан қожайындарының есімдерін жарияламайды; тек олардың Ресей азаматтары екені көрсетілген.

Алексей Навальныйдың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорының "Путин сарайы" туралы тергеуі 19 қаңтарда шыққан, бір апта ішінде YouTube-те 90 миллионнан аса қаралым жинады.

25 қаңтарда Путин "сарайдың" өзіне немесе туыстарына тиесілі емес екенін мәлімдеген болатын. 26 қаңтарда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков нысан иелері "кәсіпкерлер екені анық" деген болатын, бірақ Кремль олардың есімін жария етуге құқығы жоғын мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.69  course up  612.05  course down  6.75  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer