14 қараша 2020 10:16

Путин Таулы Қарабақтағы соғыста қаза тапқандар санын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде төрт мыңнан аса адам қаза тауып, сегіз мыңнан аса адам жарақат алған. Мұндай мәліметтерді Ресей президенті Владимир Путин осы аймақтағы гуманитарлық мәселелерді шешуге арналған кеңесте айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Путин Таулы Қарабақ аймағында гуманитарлық жағдай қиын екенін, қақтығыстар нәтижесінде гуманитарлық инфрақұрылым мен мәдени нысандар қирағанын айтты.

"Таулы Қарабақ ауданында күрделі гуманитарлық мәселелер туындады. Бұл туралы бізге қазір хабарланды. Соғыс салдарынан құрбан болғандардың саны, оның ішінде бейбіт тұрғындар арасында төрт мыңнан асты, сегіз мыңнан аса адам жарақат алды, босқындардың саны әр түрлі мәліметтер бойынша ондаған мыңға жетті. Азаматтық инфрақұрылым, көптеген мәдени нысан қирады", - деді Владимир Путин.

Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары Владимир Путин, Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян 10 қарашада Таулы Қарабақтағы әскери операцияларды толық тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдемеге сәйкес, бірқатар аудан Әзербайжанның бақылауына өтеді, екі тарап тұтқындармен алмасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети