07 ақпан 2017 10:40

Путинге тіл тигізген журналист кешірім сұрамайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билл О'Рейли және Дональд Трамп © Deutsche Welle Билл О'Рейли және Дональд Трамп © Deutsche Welle

Fox News арнасының жүргізушісі Билл О'Рейли РФ президенті Владимир Путинді "қанышер" деп атағаны үшін кешірім сұрамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости


Fox News арнасының жүргізушісі Билл О'Рейли РФ президенті Владимир Путинді "қанышер" деп атағаны үшін кешірім сұрамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президентке қарата айтылған мұндай сөздерді тіл тигізу деп санайтынын мәлімдеп, мұндайға жол беруге болмайды деп есептейді. Сонымен қатар, ол журналистің кешірім сұрауын күтетінін жеткізген болатын. Ресейдің журналистер одағы да ешбір журналистің біреуді қанышер деп айыптауға құқы жоғын айтқан. 

Ал журналистің өзі кешірім сұрауға ниетті емес екенін тікелей эфирде айтты. "Мен қалай кешірім сұрайтынымды ойластырып жүрмін, бұл біраз уақыт алуы мүмкін. Бір 2033 жылдары дайын болып қалады", - деді О'Рейли.

Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамппен тілдесе отырып, О'Рейли Батыс елдерінің ресми Мәскеуге қатысты айыптарды еске салып, Ресей басшысын "қанышер" деп атаған. Бұл сөзге Трамп "Сіз қалай ойлайсыз? Біздің ел соншалықты пәк пе еді?", - деп жауап беріп, Америка Ресейге қарсы тұрғанша, серіктес болғаны ұтымды болатынын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети