Рамзан Қадыровқа қарсы санкция қолданылады

21 Желтоқсан 2017, 08:56
0
© РИА Новости / Саид Царнаев
© РИА Новости / Саид Царнаев

АҚШ "Магнитский тізімі" аталып кеткен санкцияға тағы бес ресейлікті қосты, оның ішінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та бар, - деп хабарлайды РИА Новости америкалық Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство сайтында жарияланған ақпарат бойынша, тізімге енгендер Аюб Катаев, Юлия Майорова, Андрей Павлов және Алексей Шешени. Бұл тұлғалардың лауазымдары көрсетілмеген. 

АҚШ "Магнитский тізімін" 2012 жылдың желтоқсанында қабылдаған. Ол бойынша, америкалық билік пікірінше адам құқығын бұзуға қатысы бар ресейліктерге қатысты санкция қолданылады. Ал Ресей тарапы "Магнитский ісін" саясиландырудың ешқандай жөні жоқтығын бірнеше рет айтқан. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай