26 ақпан 2022 | 10:13

Ресейде Facebook ішінара шектелді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Роскомнадзор 25 ақпаннан бастап Ресейде Facebook ішінара шектелгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Роскомнадзор 25 ақпаннан бастап Ресейде Facebook ішінара шектелгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Facebook РИА Новости ақпараттық агенттігінің парақшасы жалған ақпарат таратқаны үшін кіруді 90 күнге бұғаттады. 

"24 ақпан күні Facebook әлеуметтік желісі (Meta Platforms, Inc. компаниясы) ресейлік 4 ресми БАҚ-ның аккаунттарын шектеді. Олар: "Звезда" телеарнасы, РИА "Новости" ақпараттық агенттігі, Lenta.ru және Газета.ru интернет алаңдары. Ресейлік БАҚ және интернет-ресурстарына қатысты бұл әрекеттерге федералды заңмен тыйым салынған", – делінген хабарламада.

Роскомнадзор Meta платформасы шектеулерді алу және олардың себебін түсіндіру талаптарын елемегенін айтты.

"Facebook осылайша Ресейге қарсы санкциялардың енгізілуіне байланысты әлеуметтік маңызды ақпараттың таралуын заңсыз шектеді осылайша Конституцияның 29-бабында қарастырылған "Ресей азаматтарының ақпаратты еркін іздеу, алу, беру, өндіру және тарату құқығын" бұзды", - деді Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 492.22   522.51   5 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети