23 қаңтар 2023 09:32

Саакашвилидің анасы ұлының жағдайы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің анасы Гиули Аласания Тбилисидегі "Вивамед" клиникасына барғаннан кейін ұлының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Грузия-Онлайн" басылымына сілтеме жасап.

"Сұмдық жағдай, қу сүйегі қалды. Қабырғалары көрініп тұр, іші мүлдем жоқ, омыртқасы көрініп тұр. ...Жағдайы күн сайын нашарлап бара жатыр, қандай ем?" - деді ол.

Гиули Аласания ұлы дүйсенбідегі процеске қатыса алмайтынын айтты.

"Ол сотқа қатыса алмайды, көмекші құралдардың көмегімен қозғалады. Сондай әлсіреп қалған, тіпті олармен бірге жүре де алмайды", - деді Аласания.

Айта кетейік, Михаил Саакашвили Грузияда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Мамырдан бастап Саакашвили Тбилисидегі "Вивамед" клиникасында жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Грузияның экс-президенті Саакашвили жатқан аурухана палатасынан видео жарияланғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети