28 қазан 2020 16:49

Шетелдіктер "Very nice!" атты роликке қатысты пікір білдіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роликтен алынған кадр Роликтен алынған кадр

Шетелдіктер Желіде Бораттың "Very nice!" атты промокампаниясын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шетелдіктер Желіде Бораттың "Very nice!" атты промокампаниясын талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желі қолданушылары роликті жасағандарды мақтап, олардан сабақ алуға болатынын және роликтің негативті позитивке айналдыра отырып, елге пайдасын тигізетінін айтып жатыр. Видео жазылған пікірлерден көбінің Қазақстанның тамаша табиғаты туралы білмегенін байқауға болады.

"Осыны оқыған соң мен Қазақстанның нағыз жанкүйері болдым. Very nice!", - деп жазды халықаралық кеңесші, Каталония үкіметінің Австрия мен Орталық Еуропадағы бұрынғы елшісі Адам Касальс Twitter желісіндегі парақшасында.

"Қазақстан өзінің "Very nice!" слоганын жариялады және бұл мен осы жылы естіген ең жақсы нәрсе шығар", - деп жазды Шотландиядан келген радио жүргізушісі Каллум Галлахер.

Дегенмен қолданушыларлдың көбі бұл маркетинг түріне жоғары баға беріп, идеяны қолдап жатыр.

Қазақстанға келген шетелдіктер де әсерлерін бөлісіп жатыр.

"Қазақстан табиғаты өте әдемі, тамағы дәмді, адамдар Бораттың басқаша айтқанына қарамастан, әлемдегі ең жақсы адамдардың бірі", - деп жазды Нью-Йорктен келген маркетолог Мэтт Жоану.

Аустралиялық Дэвид Кинг өткен жылы жасаған Нұр-Сұлтанның көрікті жерлерінің авторлық фотосуреттері бар топтаманы жасап, Қазақстанның заманға сай қадам басып келе жатқанын атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Isla Fisher (@islafisher)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети