Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Швед саясаткері босқындарды пулеметпен атуды ұсынды

10 Қыркүйек 2015, 17:41
0
Гунилла Шмидт. © Facebook
Гунилла Шмидт. © Facebook

Швецияның құқықтық-консервативтік партиясының мүшесі Гунилла Шмидттің мәлімдемесі елде наразылық туғызды, - деп хабарлайды Lifenews.ru

"Швед демократтары" саяси ұйымы елге босқындардың келуін ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп есептейді. Осыған байланысты Шмидт проблеманы шешудің жолын ұсынды: Дания мен Швецияны жалғайтын Эресуннский көпіріне пулеметті қою.

"Эресуннский көпіріне қойылған пулемет қана көмектеседі!", - деп жазды Facebook желісіндегі жазбалардың астында. Шмидт өзінің наразылығын Швецияның Германия мен Данияның үлгісі бойынша жұмыссыздықтан жәрдемақының көлемін азайтпайтынына байланысты білдірді.


Эресуннский көпірі. © www.expressen.se

Facebook желісіндегі қолданушылардың бірі Шмитден не айтқанын нақтылауын сұрағанда саясаткер оған қарсы сұрақ қойды "Сіз не, ақымақсыз ба?". Кейін Evening post газетінің тілшілері бұл мәлімдемеге қатысты пікірін сұраған. Шмидт пікірінің уақытының сәйкес келмей қалуын айтып, жазбасын өшіріп тастады.


© www.expressen.se

Айта кетейік, Еурокомиссияның президенті Жан-Клод Юнкер келесі аптада ЕО-ға мүше елдерді Грекиядан, Италиядан және Венгриядан 160 мың босқынды қабылдауға шақырғалы жатыр. Ал осыдан екі апта бұрын тек 40 мың адам туралы сөз қозғалған еді.

Еске салайық, осыған дейін Австрия мен Германияның өз территориясына Венгриядағы босқындарды қабылдауға дайын екенін мәлімдегені хабарланған болатын. Соңғы уақытта Африка және Таяу Шығыс елдеріндегі тұрақсыз жағдайға байланысты босқындардың саны артып келеді. 2015 жылдың басынан бері Еуроодаққа 350 мың босқын өтті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай