Солтүстік Корея америкалық ұшақтар мен әуетасымалдаушыны жойғанын мәлімдеді

24 Қыркүйек 2017, 15:46
0
Солтүстік Корея америкалық ұшақтар мен әуетасымалдаушыны жойғанын мәлімдеді - © Aaron Allmon / ВВС США / Wikipedia
© Aaron Allmon / ВВС США / Wikipedia

Солтүстік Корея БАҚ-тарында КХДР зымырандарының америкалық әскери ұщшақтар мен әуетасымалдаушыларын жойғаны түсірілген делінген суреттер мен видеоколлаждар жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru оңтүстіккореялық "Ёнхап" агенттігіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, америкалық B1-B бомбалаушысы мен F-35 жойғышы жойылды делінген суреттер жария болған. Мұнымен қатар, КХДР сүңгуір қайығынан баллистикалық зымыранның америкалық "Карл Винсон" (USS Carl Vinson) әуетасымалдаушысы мен оның бомбалаушысына ұшырылу сәті модельденген видео жарияланды. 

БАҚ мәліметінше, коллаждар 23 қыркүйекте жойғыш ұшақтар сүйемелдеген АҚШ әскери-әуе күштері Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяны бөліп тұрған демилитаризацияланған аймақ халықаралық кеңістігінде ұшып өткеннен кейін жарияланған. Пентагон өкілдері АҚШ ұшақтарының демилитаризацияланған аймақтан солтүстікке қарай ХХІ ғасырдағы ең ары асып барғанын айтып отыр. 

Осылайша АҚШ Дональд Трамптың әскери әлеуетін көрсеткен делінеді. "Бұл миссия президенттің кез келген қатерді жеңуге деген көп нұсқасының бар екенін көрсететін АҚШ-тың батылдығының көрсеткіші", - деп келтіреді басылым Пентагон баспасөз хатшысы Дана Уайттың сөзін.

Еске салайық мұның алдында Дональд Трамп КХДР Америка Құрама Штаттарына қауіп төндіретін жағдайда оларды жоюға тура келетінін мәлімдеген болатын. Кейін КХДР лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Солтүстік Кореяны толықтай жойып жіберу туралы сөзін Пхеньянға соғыс жариялау деп ұққаны хабарланған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай