26 тамыз 2022 13:44

"Талибан" Ауғанстандағы су тасқынынан қаза тапқандардың санын жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

"Талибан" лаңкестік қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілдері Ауғанстандағы су тасқынынан 180-нен аса адамның қаза тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Талибан өкілі Забихулла Муджахидтің айтуынша, су тасқынынан 182 адам қаза тауып, 250 адам жараланған. 3100-ден астам үй толығымен қирап, мыңдаған мал қырылған.

"Ауғанстан Ислам Әмірлігі су тасқынына жалғыз төтеп бере алмайды, біз әлемнен, халықаралық ұйымдардан және ислам елдерінен көмек сұраймыз", - деді ол.

Соңғы апталарда су тасқыны Ауғанстанның орталық және шығыс провинцияларында жаппай қирауға әкеліп, мыңдаған үйлерді шайып, елдің экономикалық және гуманитарлық дағдарысын ушықтырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети