14 қазан 2020 06:58

Тоқаев Қырғызстан президенті туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Сооронбай Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Мемлекет басшысы Қырғыз еліндегі жағдайдың тұрақтанып жатқанына қуанатынын да атап өтті.

"Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен-ақ сабырға шақырдық", - деді ол.

Еске салайық, 5 қазанда басталған Бішкекте митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі 6 қазан сағат 20.00-ден бастап "Ақ үйге" басып кірумен аяқталды. Республиканың заңнамалық органына өтпей қалған партия жақтастары қақпаны жүк көлігімен бұзып, ішке кірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети