12 маусым 2020 09:31

Трамп АҚШ-тағы тәртіпсіздікті тоқтатудың жолдарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/ultras_antifaa Фото: twitter.com/ultras_antifaa

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі тәртіпсіздікті тоқтатудың төрт жолы бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі тәртіпсіздікті тоқтатудың төрт жолы бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бірінші, Трамптың айтуынша, биліктегілер халықтың экономикалық жағдайын жақсарту үшін жұмыс істеуі керек, олардың шағын бизнеске қолжетімділігін арттыруы қажет.

"Қазақтарға митингіге шықпаңдар деп жалынамын". АҚШ-тағы қазақстандық студент тәртіпсіздік туралы

Екіншіден, АҚШ президенті медициналық қызметтің халыққа бірдей емес дәрежеде көрсетілуі проблемасымен шешуге уәде берді.

"Үшіншіден, біз президенттің жарлығын орындауды аяқтау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ол жарлықта полиция басқармасының кәсіби стандарттарға сай жұмыс істеу мәселесі көтерілген", - дейді Трамп.

Ал төртінші жол, Трамптың айтуынша, әкімшілік қазіргі уақытта мектеп таңдау құқығын беру мәселесін көтермек. Осылайша Трамп елдегі тәртіпсіздікті тоқтатуға болады дейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети