04 қаңтар 2021 11:16

Трамп сайлаудағы дауысты өз пайдасына беруді сұраған жазба жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп Джорджияның мемлекеттік хатшысы Брэд Раффенспергерді сайлаудағы дауыстарды оның пайдасына есептеуге шақырады. Трамптың әңгімесі таспаға жазылған және оны Washington Post жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости


АҚШ президенті Дональд Трамп Джорджияның мемлекеттік хатшысы Брэд Раффенспергерді сайлаудағы дауыстарды оның пайдасына есептеуге шақырады. Трамптың әңгімесі таспаға жазылған және оны Washington Post жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости

Трамп мемлекеттік хатшының заң жөніндегі кеңесшісі Райан Джермени туралы да айтты. Әңгімені тыңдағанда Трамп тағы да Раффенспергерге заңбұзушылықтар туралы айтып, қатты сынға алғаны белгілі болды. Бір сөзінде ол қауіп төндіреді.

"Олардың не істегенін білесіздер және мұны хабарламайсыздар. Бұл - қылмыс. Сіз бұған жол бере алмайсыз. Сіз үшін де, заңгеріңіз Райан үшін де үлкен тәуекел болып тұр", - деді Трамп.

"Мен жай ғана 11 780 дауыс табуым керек, себебі штатта  жеңдік", - деді АҚШ президенті.

Сайлаудан кейін тұрғындардың дауыс беру бюллетені үш рет саналды. Бәрінде де Джо Байден Трамптан айтарлықтай алда екені белігілі болды. Нәтижесінде Байден Джорджиядан барлық 16 сайлаушының дауысын жинады. 

Трамп президент сайлауында жеңілгенін мойындамайды. Сайлаушылар дауыс беру қорытындысының ресми деректеріне сүйенсек, Байден штаттардан 306 дауыс, ал Трамп 232 дауыс жинаған. Сайлау нәтижесін 6 қаңтарда конгресс бекіту керек. Байденнің  инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети