10 ақпан 2020 11:32

Түрікменстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Түрікменстанның Лебап уләятында оқшауланған (Қытайдан келген Түркістан азаматтары және қытайлық China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының жұмысшылары) лагерьде коронавирусқа байланысты бір адам қаза тапты. Бұл туралы БАҚ өкіліне елдегі денсаулық сақтау және медициналық өндіріс министрлігіне қарасты мемлекеттік саниарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілі айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Centralasia.media порталына сілтеме жасап. 

Қаза тапқан адамның мәліметтері жарияланды. Turkmen.news қайтыс болған адамның - Қытайдағы ЖОО-да оқитын студенттердің бірі екенін жазды. Оның денесі кремацияланған. 

Тағы бір адам, Марый уләятының орта жастағы тұрғыны "бұрын соңды зерттелмеген вирусты" жұқтырғаны айтылады. Ол Лебап уләятындағы карантин лагерінде ауыр халде жатыр екен. 

Карантиндік лагерь - Түрікменстан Қорғаныс министрлігінің Төтенше жағдайларға қарсы күрес қызметінің жылжымалы госпиталі. Госпиталь металл жүк контейнерлері мен үрлемелі модульдерден салынған. Оның аумағында реанимация және анестезиология, хирургия бөлімшелері, стерильді бокстар мен зертхана орналасқан. Госпитальдің периметрі Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлерінен, ІІМ ішкі қызметінің сарбаздары күзетеді.

Дереккөз мәліметінше, 31 Қаңтарда Лебап уләятында Түрікменстанның Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі министрлігі ауруларының таралуына қарсы күрес және санитария қызметінің аса қауіпті жұқпалы аурулар бөлімінің мамандары, сондай-ақ Шоғанлы қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері жіберілді. Ал жақында президент Үкіметтің вице-премьері, министрлер, уләят хакімдері, әскери және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ аурудың таралуына қарсы күрес жөніндегі төтенше комиссия мүшелерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Turkmen.news осыған дейін 30 қаңтардан бастап Бейжіңнен Ашхабадқа баратын барлық әуе рейстері Түркменабадқа қонатынын айтты. Сол күні Түркіменстан Өзбекстанмен шекараны жауып тастады. Коронавирустың өршуіне байланысты Бангкокқа рейстер тоқтатылды.

Еске салайық, Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 908-ге жетті, 40,1 мыңнан аса адам ауру жұқтырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети