09 маусым 2022 09:15

Ұлыбританияда бензин бағасы шарықтап кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ұлыбританияда бензин бағасы шарықтап кетті, - деп хабарлайды Daily Mail.


Ұлыбританияда бензин бағасы шарықтап кетті, - деп хабарлайды Daily Mail.

Ұлыбританиялық RAC мониторинг тобы қазір көлікке жанармай толтырудың орташа құны 99,40 фунт стерлинг (шамамен 54 мың теңге) екенін және бейсенбіде ол 100 фунттан асуы мүмкін екенін айтты. Бензиннің орташа бағасы литріне 1,80 фунтқа (шамамен 979 теңге) дейін көтерілген.

©REUTERS

Жанармай бағасының көтерілуіне Украинадағы қақтығыс және Еуропаның Ресей мұнайына тәуелділігін азайтуға бағытталған әрекеттер себеп болған.

Мұнай қажеттілігінің 8 пайызын Ресейден алатын Ұлыбритания жыл аяғына дейін мұнай жеткізуді тоқтатуға уәде берді. Елдің Еуроодақ сияқты ресейлік мұнайға тәуелді болмаса да, әлемдік бағаның өсуі оған әсер етіп отыр.

©REUTERS

Азық-түлік бағасы мен электр қуатына ақы төлеу де өсіп жатыр, көп ұлыбританиялық үй шаруашылықтары қысымға ұшырады.

Бұған дейін Ұлыбританиядағы жанармайдың орташа бағасы литріне 1,73 фунт стерлинг болып, жаңа рекорд деңгейге жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети