Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты Бейнеден кадр

Бірқатар жойқын жер сілкінісінен бес күн өткен соң Венесуэла билігі құрбандар санының артқанын және шығын көлемі туралы хабарлады. Табиғи апат мыңдаған адамды баспанасыз қалдырып, жүздеген ғимаратты қиратты және билікті ондаған уақытша панажай ашуға мәжбүр етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі El Estímulo басылымына сілтеме жасап.


Бірқатар жойқын жер сілкінісінен бес күн өткен соң Венесуэла билігі құрбандар санының артқанын және шығын көлемі туралы хабарлады. Табиғи апат мыңдаған адамды баспанасыз қалдырып, жүздеген ғимаратты қиратты және билікті ондаған уақытша панажай ашуға мәжбүр етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі El Estímulo басылымына сілтеме жасап.

Венесуэла Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес қаза тапқандар саны 1719 адамға жеткенін, тағы 5034 адам жарақат алғанын хабарлады. Оның айтуынша, 22 мыңнан астам адам зардап шеккен.

Ең ауыр жағдай Ла-Гуайра штатында қалыптасты. Елде 2500-ден астам нысан зақымдалған, оның 189-ы толығымен қираған. Негізгі дүмпулерден кейін 609 афтершок тіркелді.

Зардап шеккендер үшін Ла-Гуайрада 15 ірі панажай, ал басқа өңірлерде тағы 50-ге жуық орын ашылды. Билік ең көп зардап шеккен штатта электр қуатымен қамтудың 90 пайызы қалпына келтірілгенін және мыңдаған отбасыға көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Зардап шеккендерге кемінде 22 мың азық-түлік жиынтығы жеткізілді.

БАҚ Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен бірнеше күн өткен соң да үйінділер астынан тірі қалғандар табылып жатқанын хабарлады.

Құтқарушылар үйінділер арасынан 9 айлық сәби мен оның анасын, сондай-ақ әкесі мен ұлын алып шықты.

Еске сала кетейік, 25 маусымда Венесуэлада 39 секунд айырмашылықпен магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі болды. Дүмпу ошағы 10 шақырым тереңдікте, ал эпицентрі Мороннан оңтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде орналасқан.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айтты.

Читайте также

Валюта бағамы

 485.26   552.61   6.23 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +27
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +23
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +28
П
Павлодар +23
Петропавл +30
С
Семей +32
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +17
О
Орал +26
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер