Зеленский: “Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайынмын“

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ x.com/ZelenskyyUa ©️ x.com/ZelenskyyUa

Украина президенті Владимир Зеленский егер бұл украин халқына бейбітшілік әкелудің жалғыз жолы болса, Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Украина президенті Владимир Зеленский егер бұл украин халқына бейбітшілік әкелудің жалғыз жолы болса, Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

"Егер бұл украиндар үшін бейбітшілікке қолжеткізудің және адамдарды жоғалтпаудың жалғыз конфигурациясы болса – әрине, біз бұған барамыз", – деді Зеленский ұлыбританиялық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол бұл жағдайда Кремль басшысына деген жеке көзқарасы маңызды емес екенін атап өтті: "Мен оны жау санаймын. Шынын айтсам, ол да мені жау деп санайды деп ойлаймын".

Зеленский қазіргі уақытта Украина барлық аумақтарын қайтара алмайтынын және "миллиондаған адамды қолжетпеуі мүмкін нәтиже үшін құрбан ете алмайтынын" мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол Украина соғыста қаза тапқандар алдында берген антын бұза алмайтынын, Конституцияны өзгертіп, оккупацияланған жерлерді Ресейдің аумағы ретінде мойындай алмайтынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Путин Зеленскийді заңды президент деп санамайтынын, себебі оның өкілеттік мерзімі 2024 жылдың мамырында аяқталғанын, сондықтан бейбіт келісімге қол қоюға құқығы жоқ екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer