Түркістан облысында бір ай бұрын өзенге батып кеткен баланы іздеу жұмыстары тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында бір ай бұрын өзенге батып кеткен баланы іздеу жұмыстары тоқтатылды Бейнеден алынған кадр

Түркістан облысында Келес өзеніне батып кеткен сегіз жасар баланы іздестіру-құтқару жұмыстары бір айдан соң ресми түрде аяқталды. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.


Түркістан облысында Келес өзеніне батып кеткен сегіз жасар баланы іздестіру-құтқару жұмыстары бір айдан соң ресми түрде аяқталды. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 2026 жылғы 23 наурызда болған. Баланың анасының айтуынша, жазатайым оқиға салдарынан Келес өзеніне 2018 жылы туған Тұрсынбек Жаннұр батып кеткен. Хабарлама түскен сәттен бастап құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әкімдік пен еріктілердің қатысуымен ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылған.

Мамандар өзен арнасы мен жағалау маңын бірнеше рет тексеріп шыққан. Жүзу құралдары, арнайы техника мен ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылған. Жұмыстар өзен ағысын, ауа райы жағдайын және басқа да факторларды ескере отырып, тәулік бойы жүргізілген. Әрбір келіп түскен ақпарат мұқият тексеріліп, құтқарушылар болжамды учаскелерді қайта қарап шыққан.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

🇰🇿🚒 ТО ТЖД жарияланымы (@112turkistan)


ТЖД ақпаратынша, жүргізілген іс-шаралар кешеніне және барлық қажетті күштер мен құралдардың тартылғанына қарамастан, баланы табу мүмкін болмаған.

"Мамандардың қорытындысы мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, іздестіру-құтқару жұмыстары 2026 жылғы 23 сәуірден ресми түрде аяқталды. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, егер іздестіру-құтқару жұмыстары бір ай ішінде оң нәтиже бермесе, судағы жазатайым оқиға қылмыстық іске қайта сараланып, тергелу ретімен құқық қорғау органдарына әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін беріледі", - делінген хабарда.

ТЖД іздестіру барысында барлық қолжетімді ресурс пен техникалық мүмкіндіктердің пайдаланылғанын атап өтті.

Құтқарушылар баланың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оны іздеуге атсалысқандардың барлығына алғыс білдірді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.6   544.85   6.17 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер