Олимпиада чемпионы, боксшы Бақтияр Артаев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Олимпиада чемпионы, боксшы Бақтияр Артаев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бақтияр Артаев жергілікті басқару бойынша 25 жасында спортшыдан қалай әкімге айналғанын әңгімеледі. Ауыл әкімі ретінде қандай қызметтер атқарғаны және қанша жалақы алып келгенін де жасырмады. Сонымен қатар, ол өңірдегі спортшыларға қолдау аз болып жатқанын айтты.
Айта кетейік, Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда дүниеге келген. Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтарын оқыған. 10 жасынан бастап бокспен айналыса бастаған. 1998 жылы жасөспірімдер арасында өткен жарыста Қазақстан чемпионы атанған. Ал 2004 жылғы Олимпиада ойындарында Бақтияр Артаев Қазақстан үшін алғашқы алтын медальді иеленді. Сондай-ақ, ол үздік боксшы ретінде Вел Баркер кубогының иегері атанды.
Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында театр және кино актері Әбунасыр Серіков, блогер Дана Есеева, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев, қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет, режиссер Тимур Бекмамбетов, әншілер Әбдіжаппар Әлқожа, Артур мен Райым, театр және кино актері Дәурен Серғазин, танымал әнші Қарақат Әбілдина, қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген қонақ болған еді.
Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.
YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.