09 тамыз 2021 13:45

Беларусь спортшысы Тимановская қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белорусь спортшысы Кристина Тимановская отбасымен Польшада екеніне қарамастан, қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белорусь спортшысы Кристина Тимановская отбасымен Польшада екеніне қарамастан, қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы жеңілатлет жапондық NHK телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында айтқан.

Тимановская сұхбатында Польшада оны үнемі күзетіп жүретінін және сыртқа еркін шығуға болатынына сенімді емес екенін айтты.

"Мен үнемі күзетпен жүруім керек. Сыртқа шықсам, қауіпсіздікте болатыныма сенімді емеспін", - деді спортшы.

Ол өз оқиғасын айдың басында Украинада өлі табылған "Украинадағы Беларусь үйінің" басшысы Виталий Шишов ісімен байланыстырды.

Сондай-ақ, спортшы спорттық мансабын отандастарына, соның ішінде журналистерге, спортшыларға және саяси тұтқындарға қолдау көрсету үшін жалғастырғысы келетінін айтты.

Тимановская Беларусьте өткен президенттік сайлаудың әділ өтпегені, халықтың дауыс беру нәтижелері бұрмаланғанына байланысты Польшада және басқа елдерде өтетін марафонға қатысуға үмітті екенін айтты.

Айта кетейік, 2 тамызда Тимановская 200 метр қашыққа жүгіруден стартқа шығуы керек еді, алайда құрама өкілдері оны жібермей қойған. Таяуда Кристина 4х400 метрлік эстафета құрамасына енгізілгені үшін Беларусьтің спорт шенеуніктерін сынап тастаған еді.

Беларусь Ұлттық олимпиада комитеті Токио Олимпиадасында республиканың жеңіл атлетикадан ұлттық командасының жаттықтырушылар штабы спортшыны үйге қайтару туралы шешім қабылдағанын айтты. Спортшының ойыннан шығарылу себебі оның эмоционалдық және психологиялық жағдайы деп аталды. Тимановскаяның өзі дәрігер оны тексермегенін және жаттықтырушылар штабы айтқан себептерді жалған деп атады.

Кейін Отанына оралудан бас тартқан белорус спортшысы Кристина Тимановскаяны Польша қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети