04 сәуір 2019 09:28

Хабиб Нурмагомедов әйеліне тіл тигізген МакГрегорға жауап қайтарды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Twitter желісінде әйеліне сөз тигізгені үшін Конор МакГрегорға жауап қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Twitter желісінде әйеліне сөз тигізгені үшін Конор МакГрегорға жауап қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін ирландиялық спортшы өзінің Twitter парақшасында Нурмагомедовтың әйелін "сүлгі" деп атап, оның қасына беті жасырынған жекпе-жек шеберінің суретін қойған. Кейін МакГрегор бұл жазбаны өшірген.

"Сен жәбірлеушісің. Өзінің іс-қимылына жауап бере алмайтын адамсың. Сен өз жазаңды аласың. Көретінің әлі алда", - деп жазған Нурмагомедов Twitter парақшасында.

Ресейлік спортшының менеджері Али Абдель-Азиздың сөзінше, МакГрегор тек Нурмагомедовтың әйелін ғана қорлап қоймай жарты миллиард мұсылманға тіл тигізді. 

БАҚ мәліметінше, ирландиялық спортшыға зорлық жасады деп айып тағылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, спортшыдан ирландиялық полиция қызметкерлері жауап алып, кейін босатылғаны хабарланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети