29 қараша 2019 16:09

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин төрт жылға шеттетілді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Полторанин. © olympic.kz Алексей Полторанин. © olympic.kz

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин ойындардан төрт жылға шеттетілді, - деп хабарлайды Eurosport.ru.


Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин ойындардан төрт жылға шеттетілді, - деп хабарлайды Eurosport.ru.

Басылымның мәліметінше, қазақстандық 32 жастағы спортшының кінәсі дәлелденді.

"Біз бұл жағдайды мұқият қарадық", - деді FIS бас хатшысы Сара Льюис.

Еске салайық, биыл 27 ақпанда Австриядағы әлем чемпионатында полиция бес шаңғышыны тұтқындаған - Полтораниннен бөлек австриялық Макс Хауке мен Доминик Бальдауф, эстониялық Андреас Веерпалу мен Карел Таммъяр абақтыға қамалды. Кейін олар қан допингін қолданғанын мойындап, бостандыққа шықты.

Мұхамедиұлы Полторанин жайлы: Жазаны жеңілдету үшін шара қолданып жатырмыз

Артынша Полтораниннің алғашқы бапкері Алексей Наконечный шәкіртінің неге допинг қолданғысы келгенін түсіндіріп, қазақстандықтар алдында кешірім сұрады. Осы дауға іліккен шаңғышылар қазір спорттан уақытша шеттетілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети