1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

UFC басшысы Нурмагомедов пен Фергюсон жекпе-жегі қашан өтетінін айтты 04 қазан 2020, 12:55

UFC президенті Дана Уайт ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов пен АҚШ өкілі Тони Фергюсон арасында жекпе-жек өткізу мүмкіндігін әлі де қарастырып
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюссон. Фото: Чемпионат.com Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюссон. Фото: Чемпионат.com

UFC президенті Дана Уайт ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов пен АҚШ өкілі Тони Фергюсон арасында жекпе-жек өткізу мүмкіндігін әлі де қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sports Illustrated.

Ресейлік пен америкалық арасындағы жекпе-жек бұған дейін бес рет өтпей қалған. Соңғы рет кездесу коронавирус салдарынан 2020 жылдың наурызында шегерілген еді.

"Егер Хабиб Гэтжиді жеңсе, онда Тони Фергюсонмен жекпе-жек болады, бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Хабибпен бұл жекпе-жек өтеді деп үміттенемін, өйткені мен адамдар оны көргісі келетінін білемін", - деді Уайт.

Нурмагомедов пен Гэтжи арасындағы жекпе-жек 24 қазанда Әбу-Дабидегі "Жекпе-жек аралында" өтеді. Осы турнир аясында екі қазақстандық файтер сегізбұрышқа шығады: Сергей Морозов Хабибтің немере інісі Умар Нурмагомедовпен кездеседі, ал Шавкат Рахмоновтың қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 



Join Telegram