Алматыда Hyundai автокөліктерін өндіретін зауыт ашылады

21 Сәуір, 16:41
0
Алматыда Hyundai автокөліктерін өндіретін зауыт ашылады - Сурет Индустрия және инфрақұрылымдық даму минситрлігінен
Сурет Индустрия және инфрақұрылымдық даму минситрлігінен

Алматыда Hyundai жеңіл техникасын өндіретін зауыт құрылысының алғашқы ірге тасы қаланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму минситрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 сәуірде Алматыда Hyundai TransKazakhstan зауытының алғашқы ірге тасын қалау салтанатты шарасы өтті. Оған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Оңтүстік Кореяның сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Сон Юн Мо мырза, Нyundai Мotor Сompany-ның стратегия жөніндегі президенті Конг Ян Вун мырза, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және Astana Group  компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов қатысты.

Зауытты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Алматы қаласының индустриялық аймағы аумағында "Астана Моторс" компаниясы салатын болады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі атап өткендей, бұл жоба Қазақстанда автомобиль жасау индустриясы саласын дамытудағы стратегиялық маңызды қадам.

Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі күні Алматының жоғары инвестициялық тартымды қала ретінде қалыптасқанын атап өтті. Тек үш ай ішінде ғана шетелдік инвестициялар 21,4 пайызға артып, 111,1 ммиллиард теңге болды.

"Зауыт 700-ден астам алматылықты жұмыспен қамтуда, ал бұл - біз үшін ең басты көрсеткіш. Қала тарапынан барлық инфрақұрылымы бар 25 гектар жер бөлінді. Қазіргі кезде Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта 144 миллиард теңгенің 39 жобасы жүзеге асуда. Жапондық, неміс пен қытайлық, ресейлік капиталдардың қатысуымен 5 зауыт ашылды. 800 жоғары білікті жұмыс орны құрылды. Биылғы жылы инвестиция көлемі 367 ммиллиард теңгеге жуықтайтын тағы 4 кәсіпорын ашуды жоспарлап отырмыз, оның ішінде болат құбырларын шығаратын қазақстандық-қытайлық ірі Asia Steel Pipe зауыты бар", - деді Бауыржан Байбек.

"Зауытта 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл зауыт қазақстандық нарықты сапалы әрі қолжетімді Hyundai маркалы жеңіл автомобильдермен молайтуға, сондай-ақ оларды ТМД елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді", - деді министр Роман Скляр.

Кәсіпорынның қуаттылығы бірінші кезеңде 30 мың автомобиль, ал екінші кезеңде жылына 45 мың автомобильге дейін артады.

Жоба инвестициясының жалпы көлемі 25 миллиард теңгені құрайды. Өз қаражатынан бөлек коммерциялық шарттар бойынша займ қаражаты тартылатын болады. Зауытта дәнекерлеу, бояу, құрастыру, пластикалық панельдерді өндіру цехтары және сапаны бақылау учаскесі болады.Кәсіпорын Оңтүстік Корея мен Жапония елдерінің жаңа технологиялық жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Зауытта Hyundai модельдік қатары жиналады. Бірінші кезеңде Accent модельдерінің толық циклін өндіру жолға қойылады, кейін Creta модельдерін өндіру желісін іске қосу жоспарлануда. ЕАЭО елдерімен ынтымақтастық пен өнеркәсіптік кооперацияның арқасында құрастыруды шоғырландыру 50 пайызға жетеді.

Болашақта автокомпоненттер өндіретін зауыты салынады. Бұл Қазақстанда шоғырландыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.2019 жылдың соңына дейін өндірістік цехтар салу жоспарлануда, ал 2020 жылы зауыт конвейерінен бірінші автомобиль шығады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай