02 қараша 2021 18:05

Жаңарған Chevrolet Equinox пен Chevrolet Tracker-дің Алматыдағы тест-драйвы

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 қазанда Алматыда CHEVROLET Fest болды, оның барысында жаңарған екі автокөліктің - Chevrolet Equinox пен Chevrolet Tracker-дің тест-драйвы өтті. Шараға қоғамда пікірі маңызды адамдар, автоблогерлер, журналистер, сондай-ақ Қазақстан автомотоспорт федерациясының вице-президенті Владимир Бородин және Қазақстан чемпионы, халықаралық дәрежедегі автошабандоз Петр Бородин қатысты.


28 қазанда Алматыда CHEVROLET Fest болды, оның барысында жаңарған екі автокөліктің - Chevrolet Equinox пен Chevrolet Tracker-дің тест-драйвы өтті. Шараға қоғамда пікірі маңызды адамдар, автоблогерлер, журналистер, сондай-ақ Қазақстан автомотоспорт федерациясының вице-президенті Владимир Бородин және Қазақстан чемпионы, халықаралық дәрежедегі автошабандоз Петр Бородин қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Іс-шара Sokol СТК автодромында өтті, онда қонақтар тест-драйв жүргізіп, көліктердің мүмкіндігін бағалай алды.

Іс-шара барысында бренд өкілдері жаңартылған кроссоверлер мен техникалық жаңартулар, жақсартылған динамика, ептілік және қауіпсіздік жүйелерін арттыру туралы айтты. Әзірлеушілер Chevrolet Equinox қауіпсіздік жүйелеріне ерекше назар аударып, мынадай жүйелерді қосты:

  • жаяу жүргіншілерді анықтау жүйесі;
  • автомат шұғыл тежеу жүйесі;
  • бетпе-бет соқтығысуды ескерту жүйесі;
  • жолақтан шыққанын ескерту жүйесі;
  • көліктің көрінбейтін аймағында нысан пайда болғанын ескерту жүйесі және т.б. 

Кейін Chevrolet Equinox және Chevrolet Tracker кроссоверлерін тест-драйвтан өткізу басталып, жылдамдық пен ептілік тексерілді.

"Маған көліктерде спорт белгісі болғаны қатты ұнайды, Equinox қызыл сызығы шынымен де спорттық рух пен жастар стилін береді. Динамикаға келер болсақ: сағатына жүз шақырым жылдамдыққа 7,5 секундта жетеді - бұл өте маңызды сандар, динамикасы мықты", - деді тест-драйвтан кейін автожүргізуші Әли Оқапов.

Мәнерлеп жүргізу бойынша Chevrolet Tracker ықшам автокөліктің ебі мен үнемін, кроссовердің әмбебаптығы, кеңдігі және биіктігі секілді қасиеттерін көрсетті. Мақсат Сапаров Chevrolet Tracker көлігімен мәнерлеп жүргізуде жеңімпаз атанды. Зариф Хамидуллин мен Диас Уәлихан да үздіктер тұғырына көтерілді.

Іс-шараның шарықтау шегі өз сегментіндегі ең қуатты Chevrolet Equinox көлігімен жылдамдық сынға түсетін Drag Racing жарысы болды, онда cars_kz автоқауымдастығының өкілі Азат Омарбаев ең жылдам болып шықты.

Автоспорт және асқан жылдамдық әлемінің кәсіпқойлары өз әсерін бөлісіп, бұл көліктердің ерекшеліктері туралы әңгімеледі.

"Chevrolet Equinox пен Chevrolet Tracker көліктерінің айырмашылығы неде? Бұл жаңартылған және заманауи дизайн, өңделген қозғалтқыш, трансмиссия. Chevrolet Equinox - бұл турбинасы сұйық түрде салқындатылған, екі литрлі жеңіл турбо қозғалтқыш, бұл өте керемет, өйткені турбина қызып кетпейді және қашан да серпілісі болады. Өте жақсы динамика. Chevrolet Tracker көлігінде бір литрлі жеңіл турбо қозғалтқыш орнатылған, бірақ рөлге отырғанда, спотқа тән қызыл сызықтары бекер белгіленбегенін түсінесің. Ол өте епті және үнемді, басқару да өте ыңғайлы", - деп Владимир Бородин өз әсерін бөлісті.

"Маған ристайлингтік жасалған Equinox жылдамдықты арттыру динамикасын жоғалтпай, қалада пайдалануға неғұрлым қолайлы болғаны ұнайды, электрон көмекшілер мен жаңартылған жарық техникасы пайда болды, бұл ретте бағасы онша өзгерген жоқ", - деді Тимур Мұстафаев.

"Алғашқы күннен бастап маған Equinox қатты ұнады, өйткені ол нағыз динамиканы қажет ететін адамдарға арналған, бірақ бүгін Tracker ептілік жарыстарында өзін жақсы жағынан көрсетіп таңғалдырды", - деді Әнуар Мұстафаев (Марк Диксон).

Жаңартылған CHEVROLET EQUINOX пен CHEVROLET TRACKER көліктерін Chevrolet-нің қаладағы барлық дилерінде, сондай-ақ аймақтық дилерлерде көруге болады.

Қазақстанда Chevrolet Equinox көлігін RS жинақтамасында 15 490 000 теңгеге, ал Chevrolet Tracker көлігін LT және LT Redline жинақтамаларында 8 990 000 теңгеден бастап сатып алуға болады, тест-драйвтар дилерлік орталықтарда қолжетімді.

Еске салайық, 2020 жылдың мамырынан бастап Chevrolet Қазақстандағы ең танымал брендтер тобына кіріп, елдегі ең жылдам дамып келе жатқан брендке айналған.

Қазақстандағы Chevrolet дистрибуциясы Allur компаниялар тобына кіреді.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети