11 шілде 2021 12:09

"Әкесі із-түссіз жоғалып кеткен". Жалғас Жұмағұлов туралы ролик жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

11 шілдеде аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы қазақстандық спортшы туралы фильм жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ассоциацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жалғас Ақтөбеде туып өскен. Әкесі оның күреске деген қызығушылығын ашып, түрлі кеңес беріп отырған. Жалғас 13 жасқа келгенде әкесі із-түссіз жоғалып кеткен. Бүгінде Жалғас әкесі тірі ме, әлде жоқ па - білмейді. Жұмағұлов әлі күнге дейін әкесін көріп, балаларымен таныстырғысы келеді.  

Биыл көктемде Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы спортшының өмірі туралы фильм түсірді. Түсірілім Жалғас Америка Құрама Штаттарына жаттығуға кетер алдында болды. 

Еске салайық, бүгін Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын. Отандасымыз америкалық Джером Риверамен (10-5) кездесіп, бірінші раундта қарсыласын қылғындырып тастады.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жетткізді. Ал жалпы бұл қазақстандық спортшының аралас жекпе-жектегі 14 жеңісі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети