13 қазан 2019 17:18

Америкалық боксшы жекпе-жектен соң комаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген америкалық боксшы Патрик Дэй украиналық Александр Усик андеркартында нокаут салдарынан комаға түсті, - деп хабарлайды Daily Express.


Бірінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген америкалық боксшы Патрик Дэй украиналық Александр Усик андеркартында нокаут салдарынан комаға түсті, - деп хабарлайды Daily Express.

Әзірге боксшының соққы салдарынан немесе дәрігерлердің өздері әдейі жасанды комаға жібергені белгісіз. Кейбір мәліметтер бойынша, Дэйдың миына ота жасалып жатқан көрінеді. 

Өз отандасы Чарльз Конуэллмен жұдырықтасқан Дэй оныншы раундта нокаутқа түсіп, шаршы алаңнан оны ес-түсін білместен бірнеше адам көтеріп алып кеткен.

Осы кештің басты кездесуінде Усик суперауырсалмақта жұдырықтасып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети