01 тамыз 2021 17:54

"Бар күшімді салдым" - Қамшыбек Коңқабаев жартылай финалға шыққаны туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: olympic.kz. Тұрар Қазанғапов © Фото: olympic.kz. Тұрар Қазанғапов ©

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Коңқабаев 2020 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына шығуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Коңқабаев 2020 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына шығуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Қамшыбек Коңқабаев бүгін, 1 тамызда ауыр салмақ дәрежесі бойынша 1/4 финалда жекпе-жекке шықты. Онда ол ресейлік Иван Верясовты жеңді.

"Бірінші раунд тартысты өтті. Екінші раундтан бастап қарсыласым қателік жібере бастады. Ол адал жекпе-жек өткізбеді. Жалпы қажетті нәтижеге қол жеткіздім. Мұнымен тоқтап қалмаймын. Келесі жекпе-жектерде қателік жібермеу керек", - деді боксшы.

"Бірақ болары болды. Жеңу үшін бар күшімді салдым. Тактикалық тұрғыдан алғанда екінші раундта қателіктер болды", - деп қосты Қоңқабаев.

- Келесі қарсыласыңыз туралы не айтасыз?

- Мен оны білемін, бірақ рингте ешқашан кездеспедік. Бапкерлер талдау жасап, соған сай дайындаламыз.

Айта кетейік, Олимпиада турнирінде қазақстандық үш боксшы қалды. Сондай-ақ, финалға шығу мүмкіндігі үшін Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін) пен Закир Сафиуллин (63 келіге дейін) жекпе-жекке шығады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети