18 желтоқсан 2021 13:14

Данияр Елеусіновтің әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жегін қайдан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Vesti.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Vesti.kz/Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 18 желтоқсанда елордада кәсіпқой бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал (15-1, 4 КО) жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін сарапқа салады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Елеусінов бүгін жеңіске жетсе, тарихта чемпиондық белбеу таққан бесінші қазақстандық атанады. Бұған дейін әлем чемпионы титулына Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов пен Бейбіт Шүменов қол жеткізген еді.

Бокс кеші 17:30-да басталады. Ангелина Лукастың кездесуіне дейінгі жекпе-жектерді "Хабар" және Insport Youtube-каналдары көрсетеді. Лукастың дебютінен кейін "Хабар" телеарнасы тікелей эфирді бастайды. Онда басты кардтың жекпе-жектері көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети