08 наурыз 2015 13:27

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©Theguardian.com Геннадий Головкин. ©Theguardian.com

Геннадий Головкин рингке 16 мамырда оралады, - деп хабарлайды Boxingscene.com. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді.


Геннадий Головкин рингке 16 мамырда оралады, - деп хабарлайды Boxingscene.com. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді.

Леффлердің айтуынша, 16 мамыр - алдын ала белгіленген мерзім. "Біз ұстап алған импульстің негізінде (Мартин Мюррейді жеңгеннен кейін), оның белсенділігін сақтай отырып, АҚШ-қа оралғымыз келеді. Кездесу Лос-Анджелесте мамыр айында болады және оны HBO телеарнасы көрсетеді деп ойлаймын", - деді промоутер. Оның айтуынша, Геннадий Головкиннің жанкүйерлері боксшыны Сан-Антониода өнер көрсетуге шақырған. Әзірше қарсыластың есімі белгісіз, бірақ осыған дейін қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің қарсыласы ретінде Вилли Монро, Туреано Джонсон және Хорхе Хэйланд сияқты боксшыларды атаған еді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Леффлер өзінің шәкірті мен Пуэрто-рико боксшысы Мигель Котто кездесетін біріктірілген жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. "Канело (Сауль Альварес) пен Флойдтың уақыты келмейді. Котто үшін қазіргі уақытта Головкинмен біріктірілген кездесу өткізу тиімді, осы кездесуде WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы үздік боксшы анықталады", - деді Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында. Сонымен қатар, Геннадий Головкин Мексика елінің 29 жастағы боксшысы Хулио Сезар Чавес-кішіден ұсыныс алған еді. Ол өз жеңісіне миллион доллар тігуге дайын екенін мәлім етті. Айта кетейік, 2015 жылы Геннадий Головкин рингке төрт рет шығуды жоспарлаған. Бірінші кездесуде қазақстандық боксшы Мюррейді жеңіп кеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети