11 қараша 2021 10:26

Головкин қазақстандық боксшыларды құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлем чемпионатынан кейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлем чемпионатынан кейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сербиядағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық боксшылардың жетістігіне қуаныштымын. Жігіттерді, жаттықтырушыларды және Кеңес Хамитұлы басқаратын федерацияны лайықты нәтижемен құттықтаймын. Азия ойындарына дайындыққа сәттілік тілеймін", - деді жазды Головкин Twitter-де.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Белградтағы әлем чемпионатында екі "алтын" алды. Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанған еді. Одан бөлек Махмуд Сабырхан, Серік Теміржанов - күміс, Абылайхан Жүсіпов қола медаль еншілеген болатын.

Командалық есепте бірінші орынға үш рет әлем чемпионы болған Куба командасы шықты. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін) алтын медаль жеңгеннен кейін екінші орынға көтерілді. Медальдік есепте үшінші орынға АҚШ орналасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети