05 наурыз 2018 10:03

Головкиннің барлық белбеуді жинаймын дегені сандырақ - Сондерс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Xsport © Xsport

Орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) FightHype.com порталына берген сұхбатында  осы салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) барлық белбеуді жинаймын деген сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин бірнеше рет басты мақсаты - орта салмақтағы барлық белбеуді жинау екенін айтқан еді. Бұл үшін оған тек Сондерске тиесілі WBO титулы жетіспейді. 14 сәуірде Лондонда Сондерс өз отандасы (2015 жылы Головкиннен жеңіліп қалған) Мартин Мюррееймен (36-4-1, 17 КО) жұдырықтасады. 

"Мұның барлығы сандырақ. Ол өзіне жетпейтін тұрған еттің тәтті бөлігін ала алмайды. Оның мүмкіндігі болатын шығар. Бірақ ол үшін қазақстандық боксшы "Канелоны" жеңіп алсын", - деді Сондерс. 

Осыған дейін Сондерс 5 мамырдағы Головкин-Альварес жекпе-жегінде қазақстандық боксшының жеңгенін қалайтынын айтқан. Өз кезегінде GGG өкілі Том Леффлер Головкин мексикалық боксшыны жеңген жағдайда міндетті түрде Сондерспен жұдырықтасатынын айтты. 

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети