17 қыркүйек 2017 11:34

Головкиннің мықты соққысын сезген жоқпын - Альварес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© HBO Boxing © HBO Boxing

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің мықты соққысын сезбегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сезген де жоқпын. Бұл мені кішкене таңғалдырды. Бірінші раундта мен оны тексердім, ал кейіннен 7-8 раундта жұдырықтастым. Жоспарлағанымдай жұдырықтастық. Әрине, реванш алғым келеді. Адамдар тағы көргісі келсе, солай етейік", - деді "Канело" рингте.

Ал Головкиннің өзін жеңілдім деп санамайтынын мәлімдеді. "Тең есеп - ол менің кінәм емес. Қолымнан келетінін барлығын жасадым. Менің белбеулерімен қараңыздаршы, мен жеңілген жоқпын", - деген еді осыған дейін Головкин.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети