24 желтоқсан 2020 08:46

Канело Альварес келесі қарсыласын таңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль Альварес. Фото: ©Reuters Сауль Альварес. Фото: ©Reuters

Екінші орта салмақта WBA (Super) және WBC титулының иегері, мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес (54-1-2, 36 КО) тез арада титулды қорғау жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы talkSPORT ұлыбританиялық спорт сайтының редакторы Майкл Бенсон Twitter желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, боксшы WBC басшысы Маурисио Сулейманмен келесі кездесуін талқылаған. Канело осы категориядағы міндетті қарсыласы түркиялық Авни Йылдырыммен жақын арада жекпе-жекке шыққысы келетінін айтқан. 

"WBC президенті Маурисио Сулейман бұқаралық ақпарат құралдарына Канело WBC нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы міндетті қарсыласы Авни Йылдырыммен 2021 жылдың басында кездесіп, өз титулын тезірек қорғағысы келетінін айтқанын мәлімдеді", - деп жазды Бенсон.

Еске салайық, Альварес өткен демалыста Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңіп, WBC бос титулын алды. Сондай-ақ оған ұлыбританиялыққа тиесілі WBA (Super) нұсқасы бойынша чемпион титулы бұйырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети