"7-20-25": Пәтер алуға нұсқаулық

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мамандар банк пен үй салушы компанияның арасында жүгіріп, уақытыңызды артық жұмсамауыңыз үшін құжат жинау мен рәсімдеу кезінде қандай жағдайларды ескеру керек екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мамандар банк пен үй салушы компанияның арасында жүгіріп, уақытыңызды артық жұмсамауыңыз үшін құжат жинау мен рәсімдеу кезінде қандай жағдайларды ескеру керек екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші пәтер, сосын банк

Ең бірінші қадам - пәтер таңдау, яғни ипотекаға баспана алғысы келген адам тұрғын үй кешеніне бірінші келіп, пәтер таңдайды. Құрылысшы бұл пәтерді 3 жұмыс күніне брондап қояды да, бұл уақытта клиент банкке барып, несиелеудің шарттарына лайық екенін анықтайды. Лайық болған жағдайда, ол құрылысшыға қайта барады. 

"Пәтер таңдағаннан кейін құрылысшы құқық белгілеуші құжаттардың көшірмесін береді, бұлар: техникалық жоспар, баспананың құны мен ауданы жазылған құжат (бағалау қағазы)", - дейді "Ипотекалық компания" АҚ сыртқы коммуникация қызметі жетекшісінің орынбасары Айбар Олжаев.

Құқық белгілеуші құжат қатарына пәтердің техникалық паспорты, пәтердің қарызы жоқтығы жайлы анықтама, жер актісі, пайдалануға берілгені туралы акт жатады. Бұл құжаттар клиент пен үй салушының алдын ала сату-сатып алу келісімшартына қол қойған кезінде беріледі. 

Бұл құжатқа қол қойылғаннан кейін және құқық белгілеуші құжаттар берілген соң клиент тәуелсіз бағалаушыны шақыртып, пәтер құнын есептетеді. 

Үй салушы компаниялардың бірінің өкілдері баспананың келісімшартта көрсетілген бағамен сатылатынын айтты. Ал егер бағалаудан кейін пәтер құны төмен болса, бұл айырма соманы клиент өзі төлеуі тиіс. Яғни пәтер келісімшарт бойынша 15 миллион теңге тұрады делік, ал оны бағалаушы 14,7 миллион деп құнын көрсетті.

Бұл жағдайда банк 14,7 миллион теңге береді, қалған 300 мың теңгені клиент өз қалтасынан төлейді. Клиент бұған қарсы болса, келісімшарт үзіледі.

Ал бағалаудан кейін үйдің құны сәл қымбат болса, онда клиентке баға келісімшарттағыдай болып қалады. Менеджер іс жүзінде мұндай жағдайдың әлі болмағанын айтты. 

"Бағалаудан өткеннен кейін клиент сату-сатып алу келісімшартын, құқық белгілеуші құжаттарын (көшірмесін) және бағалау қағазын алып, банкке ипотекалық несиелеуді қарастыруға өтініш білдіреді. Банк клиентке бұл заемды беруге келісім берсе, кепілхат дайындайды, мұны үй салушыға беру керек. Бұл хатта банктің заемды дәл осы пәтерді, осы мекенжайда алғашқы жарнаны есептегендегі сомамен алуға келісім бергені жазылады

Осы хаттың негізінде сату-сатып алу келісімі жасалады, яғни пәтерді сатып алушының атына аударамыз. Осыдан кейін сатып алушы банкке барып, заем келісімшартын, кепіл келісімшартын толтырады, пәтерді кепілге қояды. Банк пәтерді кепілге алып, ақшаны үй салушының шотына аударады. Үй салушы қаражатты алғаннан кейін сатып алушыға пәтер кілтін табыстайды", - дейді үй салушы компанияның өкілі.

Қандай банкті таңдау керек?

Үй салушылар уақыт жоғалтпауы үшін клиенттерге жұмыс механизмі ретке келген және үй салушылардың қажетті құжаттары бар банктеріне баруға кеңес береді. Кейбір банктер қосымша құжаттар сұратып, бұдан клиент уақыт жоғалтуы мүмкін.

"Үй салушы компания клиентті әріптестік орнатқан банкіне жіберуге толық құқылы. Банкке ол ешқандай да артық құжат беруге міндетті емес - бұл үй салушы мен сатып алушының арасындағы қатынас. Сатып алушы осы бағдарлама бойынша қандай да бір кедергісіз баспаналы болғысы келсе, ол құрылысшымен жақсы қарым-қатынас орнатуы тиіс. Осылайша құрылысшы белгілі бір банкпен әріптестікте болса және сатып алушыны белгілі бір банкке жіберсе - бұл құрылысшының құқы. Пәтер сатып алушы құрылысшының мұндай шарттарына келіспесе, ол басқа пәтер таңдай алады", - деп түсіндірді заңгер Вячеслав Сташков.

Бұл мәселе жайында "Баспанадағылар" құрылысшыларды заң бойынша бұлай міндеттей алмаса да, оларға жалпы бағдарламаға қатысушы барлық банкпен жұмыс істеу кеңес етілгенін айтып отыр. 

Сондай-ақ, барлық құжатты жинап, тапсыру міндеті сатып алушыға жүктелетіні айтылып отыр, яғни құрылысшы мен банк қажетті құжаттармен өзара алмасады деп сеніп қалуға болмайды. 

"Банк пен құрылыс компаниясының клиенттің қатысуынсыз байланысы қарастырылмаған. Банк несие бойынша шешімді заем алушының өткізген құжаттары бойынша шығарады. Заем бойынша оң шешім шыққан жағдайда банк сатушыға қаржыландыру шарттары бар кепілхат береді, бұл кепілхаттағы шарттар орындалған жағдайда сатып алушыға заем беріледі", - деп түсіндірді бағдарламаға қатысушы банктердің бірінің өкілі.

"7-20-25" бойынша пәтер алуға қажетті негізгі құжаттар:

1) еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты растайтын құжат, салық декларациясы. Оны мына құжаттармен растауға болады: 

- БЖЗҚ-дан жеке зейнетақы шотының соңғы алты айдағы үзіндісі;
- жұмыс орнынан соңғы алты айдағы табысы жайлы анықтама; 
- заем алушының жеке табыс салығы бойынша салық декларациясы - жеке тұлғадан соңғы салық кезеңі бойынша;
- заем алушының ипотекалық тұрғын үй заем келісімшарты бойынша банктің ішкі құжаттарына сәйкес міндеттерді орындай алатынына мүмкіндігі көрсетілген басқа да құжаттар;

2) кредит бюросынан жабылмаған тұрғын үй заемының жоқтығы туралы есеп;

3) ХҚКО-дан жылжымайтын мүлкі жоқтығы жайлы анықтама (атында баспанасы бар адам өтініш бере алмайды).

Мұнда бір ескеретін жағдай бар: жатақханада тұратын жағдайда (отбасының әр мүшесіне пайдалы 15 шаршы метрден аспайтын ауданы бар бөлме), сондай-ақ, қирайды деген қаупі бар апат жағдайындағы үй иесі болса және бұл деректі әкімдіктің растайтын құжаты болса өтінім қалдыруға болады.

4) жылжымайтын мүлік алуға құжаттар: техпаспорт көшірмесі, баспана сипатталған пәтер қағазы, тәуелсіз бағалаушының есебі. Бұл құжатты пәтер табылған соң құрылыс компаниясынан алады.

Банктер қосымша құжат сұратуы да мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro