13 наурыз 2014 10:51

Ермек Тұрсыновтың "Кемпір" фильмі жарыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кемпір" фильмінен кадр "Кемпір" фильмінен кадр

Кеше режиссер Ермек Тұрсыновтың "Кемпір" комедиясы журналистерге көрсетілді. Өткен жылдың жазында түсірілген бұл көркем фильм 19 наурыздан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрерменге ұсынылмақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін "Келін", "Шал" секілді фильмдер түсірген режиссердің айтуынша, "Кемпір" комедиясының алдыңғы триллогияларға еш қатысы жоқ. "Келін" мен "Шал" фильмдерінің жалғасы "Кенже" деген фильм болу керек еді. Алайда қаржылық қиындықтарға байланысты уақытша "Кенже" фильмінің түсірілімі тоқтатылған болатын", – дейді Ермек Тұрсынов. "Кемпір" комедиясы Алматы облысындағы Ұзынағаш пен Үшқоңырдың арасында таудың етегінде орналасқан кішкентай ғана ауылда түсірілген. Режиссер фильмді өзі туып-өскен өңірде түсірген екен. Кейбір эпизодтар Іленің бойында түсірілген. Ермек Тұрсыновтың ерекшелігі деуге болатын шығар, ол өз киноларында табиғаттың сұлу көріністерін өте шебер түсіреді. Ал "Кемпір" фильмінің сюжетін көрермен өздері көріп баға бере жатар. Ең бастысы, картинада актерлер шынайы ойнап шыққандығы тілге тиек етерлік жетістік деуге болады. "Кемпір" фильмінде басты рөлдерді Ғазиза Әбдінәбиева, Қадырбек Демесіновтар ойнайды. Эпизодтарға Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешова, Ерболат Тоғызақов, т.б. актерлер түскен. Ермек Тұрсынов, режиссер: – Біздің өмірімізде нағыз күлкі жетіспей жатады. Меніңше, қазіргі таңда әзілдің табиғаты қатты өзгерді. Біз жанымызға жақын, жылы әзілді сағындық. Ұлттың өзіне-өзі күле бүлуі, демек емделіп келе жатқандығы. Қазақ әзілді түсіне білген, әдемі әзілдей білген халық. Қазір аздап әзілден алыстап қалғанымыз рас. "Кемпір" фильмінде осы олқылықты толтырғым келді. Фильмді әр көрермен өзінше қабылдайды. Мен бұл картинада махаббатты арқау еттім. Менің әжем Ғазиза апайға қатты ұқсайды. Ол кісінің қасында ылғи тоқ, көңілім көтеріңкі болатын. Мен жалпы өзіме етене таныс, өзім білетін жағдайларды ғана киноға арқау етемін. "Кемпір" комедиясының продюссері Қанат Төребаевтың айтуынша фильмге кеткен қаражат өте аз көрінеді. Яғни, режиссер шағын қаржыға да жақсы фильм түсіруге болатынын көрсеткісі келгендей. Болашақта Ермек Тұрсынов әзіл-шыны аралас "Тоқал" деген тақырыпта фильм түсіру ойында бар екенін айтып қалды. Демек, қызықтың бәрі алда....

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети