Құралай Анарбекова өзін ақтайтын кино, өсек және сұлулық байқаулары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құралай Анарбекова өзін ақтайтын кино, өсек және сұлулық байқаулары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құралай Анарбекова сұхбатында жеке өмірі жайлы, отбасы және өзінің бизнесі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, ол сұлулық байқауларына қатысты ойын және ерсі ұсыныстар жайлы ашық айтты.

Мұнымен қоса, актриса киноға қалай келгенін, "Жаужүрек мың бала" тарихи драмасындағы Қорлан рөліне қалай дайындалғанын айтып өтті.

Айта кетейік, Құралай Анарбекова 2017 жылы "Брат или брак" фильмінің бас продюсері болды. Ал 2018 жылы актриса жаңа фильм түсіруді жоспарлап отыр екен, алайда фильмнің не жайлы болатынын нақтыламады.

Құралай Анарбекова Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ақтөбе қаласының атынан "Қазақстан аруы - 2006" байқауына қатысқан. Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтында білім алып, Игорь Толстуновтың "Профит" продюсерлік фильмінде жұмыс істеген. 2013 жылы "Кино" номинациясы бойынша "Серпер" мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети