03 қараша 2021 15:14

"17 адамнан зорландым" деген оқушының ісі: облыстық полиция басшысы пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы "он жеті ер адамнан зорландым" деген Сарыағаштағы оқушының ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы "он жеті ер адамнан зорландым" деген Сарыағаштағы оқушының ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Дәлбеков әлеуметтік желілерде топтық зорлау туралы ақпарат тарағаннан кейін жәбірленушімен және оның анасымен адвокат пен журналистің қатысуымен кездесуге барғанын айтты.

"Еске сала кетейін, әйел 25 мамырда полицияға 17 жасар қызының жоғалғаны туралы арызданған болатын. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша тіркелді. Содан кейін полиция қызды бір тәулік бойы іздеп, кейін ата-анасына табыстаған", - деді Дәлбеков.

Полиция басшысы бір аптадан кейін, яғни 31 мамырда қыздың анасы ұрлау дерегі бойынша күдікті адамдарға қатысты қылмыстық іздеу шарасын тоқтату туралы нотариус куәландырған өтінішпен жүгінгенін атап өтті.

"Өзі шағымынан бас тартқанын атап өткім келеді. 10 маусымда ауыл тұрғыны қайта полицияға жүгінген. Бұл жолы қызы жоғалған кезде оны 17 ер адам зорлағанын айтты. Мәлімделген қылмыстың ауырлығын ескере отырып, бұл хабарлама Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігі бойынша дереу полицияда тіркелді. Сараптама тағайындалды", - деді Түркістан облысының бас полицейі.

Сот-медициналық сараптама орталығының қызметкерлері зорлық-зомбылық дерегін жоққа шығарды.

"Сондай-ақ, анасы қызының киімін өзі өртегенін мойындады. Осыған байланысты сарапшылар сараптама жүргізе алмады. Сондай-ақ, ол күдіктілерден 8 миллион теңге алғанын айтты", - деді полиция басшысы.

Облыстық полиция басшысы күдіктілердің жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысы қылмыстық істерді тергеу кезінде тек сараптама нәтижелеріне негізделетінін еске салды.

"Қазір бұл іс Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасында қаралып жатыр. Сараптама тағайындалды. Нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады" - деп қорытындылады Қайрат Дәлбеков.

Еске салайық, Түркістан облысының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын бірнеше ер адам зорлағанын мәлімдеген болатын. Жантүршігерлік оқиға биыл маусымда болған, бірақ енді ғана жария болды.

Қыздың айтуынша, сол күні көлігімен жеткізіп тастауды ұсынған досының көлігіне отырған. Ол су берген, содан кейін қыз өзен маңында киімсіз оянған. Бірнеше күн бойы оны түрлі ер адам зорлаған. Мектеп оқушысы басынан кешкен оқиғадан кейін алты рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мойындаған.

Кейін бұл іс туралы ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Ол полицейлер жаңа өтінішті тіркеді деп сендірді, сондай-ақ, шешім бірқатар медициналық сараптамалардың нәтижелерінен кейін қабылданатынын атап өтті. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама жүргізу қиындайтыны атап өтілді, өйткені оқиғадан кейін қыздың анасы "қорқынышты естеліктерге байланысты" заттай айғақтарды, яғни киімдерді өртеп жіберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети