09 қыркүйек 2020 09:06

Ақмола облысында 87 жастағы әжесін өлтірді деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында ер адам өз әжесін өлтірген болуы мүмкін деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Көкшетау Азия.


Ақмола облысында ер адам өз әжесін өлтірген болуы мүмкін деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Көкшетау Азия.

7 қыркүйекте Нұресіл аулының 27 жастағы тұрғыны Целиноград қаласының аудандық полиция бөліміне хабарласып, 87 жастағы әжесінің денесін анықтағанын хабарлаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары әжейдің немересі спирт өнімдерін көп ішетінін анықтаған. 

Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша, әжей бірнеше дене жарақатын алғаннан кейін қайтыс болғаны анықталған. 

Істің мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел топ құрылған. Тергеу жұмыстарынан кейін өтініш берушінің өзі ұсталған. Ер адам бұған дейін де ұрлық, алаяқтық және тонау деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети