04 ақпан 2020 12:44

Ақтау кафесінде атыс болды - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бетперде киген қарулы екі ер адам Ақтаудың 7-ықшамауданында орналасқан кафелердің біріне баса-көктеп кіріп келген. Олардың бірі оқ ата бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқа Lada.kz.


Бетперде киген қарулы екі ер адам Ақтаудың 7-ықшамауданында орналасқан кафелердің біріне баса-көктеп кіріп келген. Олардың бірі оқ ата бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқа Lada.kz.

Оқиға 2020 жылы ақпанның 2-не қараған түні Ақтаудағы караоке-барлардың бірінде болған. Бейнебақылау камералары түсірген видеода бетперде киген қарулы екі ер адам, болжаммен біреуі мас, ғимаратқа кірген. Екеуі де қаруланған. 

Кіреберісте олардың алдына кафе қонағы кездескен, ол мылтықты тартып алмақшы болады. Осы кезде екіншісі тапанша шығарып, оған қарай тақайды. Осыдан кейін ірі денелі жігіт мылтық ұстаған адамды жібере салады. Сосын ер адамдар ары қарай емін-еркін кафенің залына өтіп, біреуді іздеген сыңай танытады. 

Полиция департаменті осы деректі растады. Қазіргі уақытта оқ атқан ер адамдардың іздестіріліп жатқанын айтты. 

"07:30-да Ақтау қалалық ПБ бөліміне 07:00 шамасында белгісіз екі ер адам бетперде киіп кафеге қару ұстап кіргенін айтады. Олар Grammy's караоке-барының еденіне екі рет мылтық атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу барысында бейнебақылау камералары түсірген видеолар мен атылған оған тәркіленген. Қазіргі уақытта күдікті тұлғаларды анықтау және ұстау үшін жедел-іздеу шаралары жүріп жатыр", - деді өңірлік полиция өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети