11 сәуір 2022 14:48

Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамады, әуежайды күзетсіз қалдырды. Осылайша, әуежайды басып алуға жол берді. Салдарынан әуежайға айтарлықтай зиян келтірілді. Оның инфрақұрылымы бұзылды, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланды, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді", - деді ол ОКҚ-дағы брифингте. 

Елдос Қилымжановтың айтуынша, сол кезде әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері, оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметкері болған. Олардың бәрі шабуылға тойтарыс беру үшін жеткілікті атыс қаруымен қамтамасыз етілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети