1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы облысы білім басқармасының басшысы қамауға алынды 09 ақпан 2021, 13:54

Сот Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованы қамауға алды. Бұл туралы облыстық прокуратура ресми сауалымызға жауапта жіберді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Майгүл Омарова. Фото: gov.kz Майгүл Омарова. Фото: gov.kz

Сот Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованы қамауға алды. Бұл туралы облыстық прокуратура ресми сауалымызға жауапта жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Майгүл Омарова мен "Алматы облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығы" КММ басшысы Арапби Меңлібаев қамауға алынды.

"2021 жылы 4 ақпанда Талдықорған мамандандырылған тергеу соты күдіктілер М.Т. Омарова мен А.А. Меңлібаевқа қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдікті Б.С. Абдолданова үйқамаққа алынды", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратура өкілдері.

Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер әзірге жария етілмейді.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті "Алматы облысының білім басқармасы" ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу бастаған болатын. Іс ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі "Пара алу" және ҚР ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігі "Пара беру" бойында тергеліп жатыр.

Тергеу материалдарына сәйкес, Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2522 ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы іс-шаралар шеңберінде сатып алынған ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram