01 маусым 2021 17:11

Дағдарысқа қарсы бөлінген ақшаны жұмсау: 5 қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуын аудиторлық тексеруден кейін бес қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі хабарламасына сілтеме жасап.


Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуын аудиторлық тексеруден кейін бес қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі хабарламасына сілтеме жасап.

Министрлік мәліметі бойынша, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген 700 миллиард теңгеге жуық соманы пайдалануға қатысты тексеріс жүргізген.

"Аудиторлық шаралар қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 10,5 миллиард теңгеден аса сомаға 28 материал берілді, оның ішінде бес материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, қалған материалдар қарау және тергеу сатысында", - делінген хабарламада.

Бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов 60 миллиард теңгеден аса соманы пайдалану бойынша заң бұзу дерегі анықталғаны туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети