07 желтоқсан 2022 09:20

Екібастұзда "әкімдікте бомба бар" деп хабарлаған ер адам қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда "әкімдік ғимаратына мина қойылды" деп жалған ақпарат берген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Екібастұзда "әкімдік ғимаратына мина қойылды" деп жалған ақпарат берген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 6 желтоқсанда сағат 20.30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына дереу бүкіл қызмет жіберілді. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Ғимараттағы 3 қызметкер эвакуацияланды. Тексеру барысында ешқандай жарылғыш құрылғы табылмады. Осы факт бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу нәтижесінде полиция Екібастұз қаласының тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Ол өз кінәсін мойындады", - дейді қалалық ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Полиция күдіктінің 2019 жылы дәл осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети