30 қазан 2021 10:57

Халықаралық іздеу жарияланған Қайырбеков кім болып жұмыс істеген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының Экономикалық тергеу департаменті халықаралық іздеу жарияланған Дастанбек Қайырбеков ведомствода 2019 жылдан бері жұмыс істегенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының Экономикалық тергеу департаменті халықаралық іздеу жарияланған Дастанбек Қайырбеков ведомствода 2019 жылдан бері жұмыс істегенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1984 жылғы Қайырбеков Дастанбек Байтұрсынұлы 2019 жылдың шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан қаласы Экономикалық тергеу департаментінде екінші тергеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істейді", - деп хабарлады ЭТД ресми сауалға берген жауабында.

Қаржы мониторингі агенттігі Қайырбековке қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-тармағы 3-бөлігі "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бойынша іс қозғап, оны күдікті деп таныды.

"Күдікті қылмыстық қудалау органдарына келуден жасырынып жүргендіктен, оған іздеу жарияланды. Өзге деректер тергеу мүддесінде жария етілмейді", - деді ведомство өңілдері.

Еске салайық, Қаржы мониторингі агенттігі 21 қазанда Ақмола облысының тумасы Дастан Қайырбековке мемлекетаралық іздеу жариялады. Агенттік өкілдері іздестіріліп жатқан адам табылса немесе оның қайда болуы мүмкін екенін білетін адамдардан сенім телефондары арқылы хабарлауды сұрайды: +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 немесе мына мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети