27 желтоқсан 2021 12:32

Жамбыл облысында 54 миллион теңге жымқырған балабақша қызметкері сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында балабақшалардың бірінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында балабақшалардың бірінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Qamqor жобасы аясында Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің "Ақбота" балабақшасы қызметкерінің ақша жымқыру дерегін анықтаған.

"Тергеу барысында балабақшаның бюджеті бойынша жауапты қызметкер Әбибуллаев қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдар аралығында "Қазақстан Халық банк" АҚ-тағы есепшотына заңсыз ақша аудару арқылы жалпы сомасы 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ, 18 миллион теңге мөлшеріндегі залал сомасының бір бөлігі өтелгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети